logo

Нұрдәулетов: «Жетісуға» бразилиялық ойыншыларды алдыртуға ниет бар»

Нұрдәулетов: «Жетісуға» бразилиялық ойыншыларды алдыртуға ниет бар»

«Жетісудың» жаңа бапкері Қайрат Нұрдәулетов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында клубтың трансферлік мақсаттары туралы ақпаратпен бөлісті.

«Әр түрлі ойыншылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Еліміздегі беделді, тәжірибесі мол, ұлттық құрамада өнер көрсеткен бір жақсы футболшымен байланыстамыз. Аталмыш ойыншы біздің командаға келсе, оның айналасында жаңа команда жасақтауға жоспар бар. «Мақтааралдан» біздің бапкерлік штабпен жұмысты жалғастыруға келісім берген 2-3 ойыншыны күтіп отырмыз. Бұл футболшылардың атын жариялау сәл ерте болар. Жергілікті біршама жақсы ойыншылар бар. Асхат Балтабеков, Нұрбол Нұрберген, Равиль Атыханов, Рауан Орынбасар секілді ойыншылармен жақын арада танысамыз. Команда құрамын жақсы легионерлермен де толықтыруға әрекет жасаймыз. «Мақтааралдағы» тәжірибеден кейін Бразилия елінің түлектерімен жұмыс жасауға ниет пайда болды. ОЖЖ-ның аяғына таман команда кұрамы қаншалықты мықты болатыны бір Аллаға мәлім», - деді қазақстандық маман.

Нұрдәулетов бастаған талдықорғандық «Жетісу» маусымға дайындығын қаңтар айында Түркия елінде өтетін ОЖЖ бастайды.