logo

Нұрбол Сүлейменов: Олимпиада қалашығына 25 шілде күні ораламыз

Нұрбол Сүлейменов: Олимпиада қалашығына 25 шілде күні ораламыз

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Кazinform тілшісіне берген сұхбатта команда Олимпиада ойындарына соңғы шешуші оқу-жаттығу жиынын Францияның Мез қаласында өткізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазір Олимпиадаға соңғы оқу-жаттығу жиындарын Францияның Мез қаласында өткізіп жатырмыз. Жаттығу өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл қала бізге бұрыннан таныс. Осыдан бірер жыл бұрын дәл осы қалада біздің команда тағы да жаттығу жиынын ұйымдастырған болатын. Қаладағы жаттығу залында барлық жағдай жасалған. Бұйырса, Париждегі Олимпиада қалашығына 25 шілде күні ораламыз. 26 шілдеде ойындардың ашылу салтанаты өтеді. Ал 27 шілде күні бірінші болып біздің дзюдошылар жүлдеге таласады», - деді бас бапкер. 

Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы жарыс күні ел намысын тәжірибелі Елдос Сметов (60 кг) пен Абиба Әбужақынова (48 кг) қорғайды. Осыдан кейін Эсмигуль Куюлова (63 кг), Камила Берлікаш (+78 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) сынға түседі.

Франция астанасындағы ойындар 26 шілдеде басталып, 11 тамызда мәресіне жетеді.



Күн шежіресі