Елена Рыбакина Олимпиада медалі үшін барын салатынын айтты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өткен баспасөз мәслихаты кезінде Париж олимпиадасына қатысу туралы журналистің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еліміздің көшбасшы теннисшісі Қазақстан үшін олимпиада медалін жеңіп алудың аса маңызды екенін айтты.
— «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанғаннан кейін Қазақстан халқы үшін олимпиада медалін жеңіп алу қаншалықты маңызды?
— Әрине, өте маңызды. Өткен жолы медальға қол созым жерде тоқтадым. Егер олимпиада жүлдесін жеңіп алсам, бұл — ел үшін ерекше оқиға, мен үшін және барша Қазақстан үшін үлкен жетістік болмақ. Қазақстандықтар мені белсенді түрде қолдап, барынша қолдап-көмектесіп келеді. Теннис менің өнерім арқасында Қазақстанда барған сайын кеңінен тарап жатыр, бұл тамаша. Балалар теннис ойнай бастады. Мен бар күшімді саламын және медальға қол жеткіземін деп үміттенемін.
Айта кетейік, Токио олимпиадасында Елена Рыбакина төртінші орынға табан тіреген еді.
Онда жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичке есе жіберсе, қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалған еді.