«Барыс» қақпашысы Никита Бояркин «Ладаға» қарсы матчта алдыңғы айқыш байламының үзілуіне байланысты ұзақ уақытқа ойыннан шеттетілді, деп хабарлайды Sport+.

Жарақат екінші кезеңде, оның мұз үстінде қозғалысы кезінде орын алды. Бояркин кездесуді жалғастыра алмай, алаңды зембілмен тастап кетуге мәжбүр болды.

Биылғы маусымда ол 37 матч өткізіп, 92,4% соққыны қайтарып, сенімділік коэффициентін 2,45 деңгейінде сақтаған.

Кездесу «Барыстың» 2:4 есебімен жеңілісімен аяқталды.