logo

Недовесов АҚШ-тағы турнирді сәтсіз аяқтады

Недовесов АҚШ-тағы турнирді сәтсіз аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық серіктесі Гонсало Эскобармен бірге АҚШ-тың Уинстон-Салем қаласындағы турнирдің жұптық разрядындағы жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда олар британдық Лука Пау мен үндістандық Дакшинесвар Сурешке қарсы ойнап, фаворит саналғанымен, үш сетте 1:6, 6:4, 8:10 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.