Назым Қызайбай: Жартылай финалдық жекпе-жекте физикалық дайындық жетпеді
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Олимпиаданың жартылай финалында жеңіске жету үшін не жетіспегені туралы айтты.
«Бапкерім екеуміз Олимпиаданы талдадық. Алғашқы үш жекпе-жекте мен өзімді еркін сезіндім, тәжірибем арқасында қарсыластарымды өттім. Ал жартылай финалда қытайлық боксшыға қарсы физикалық дайындық жеткіліксіз болды. Тайландтағы соңғы лицензиялық турнирге дейін мен жақсы дайындықтан өттім, дене даярлығым жақсы болды және соның арқасында Парижге жолдама ала алдым. Содан кейін турнирге кезеңімен дайындалу үшін дайындық уақыты өте аз болды. Менің ойымша, бұл соңғы нәтижеге әсер етті», - деді Н. Қызайбай.
Назым Қазайбаймен жүрекжарды толық сұхбатты төмендегі плеерде тамашалай аласыздар.