logo

Тағы бір федерация Олимпиададан кейін кадрлық өзгерістерге барды

Тағы бір федерация Олимпиададан кейін кадрлық өзгерістерге барды

Қазақстанның Таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Константинович Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Онымен бірге вице-президенттер Қанат Толғатұлы Сағынаев, Шадияр Алжанович Кондыбаев, Арман Константинович Чилманов және бас хатшы Олжас Талғатұлы Бесбаев та қызметтерінен кетеді.

Бұған дейін Бокс федерациясы да ерлер құрамасының бүкіл бапкерлік құрамын және бір вице-президентті отставкаға жіберген болатын.