logo

Демеу Жадыраев шетелдік спортшылардың қазақстандықтардан айырмашылығы туралы айтты

Демеу Жадыраев шетелдік спортшылардың қазақстандықтардан айырмашылығы туралы айтты

Грек-рим күресінен Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық спортшылар мен шетелдік әріптестермен салыстырды.

- Барлық спортшылардың деңгейі бірдей. Психологиялық тұрғыдан біздің спортшылар өздеріне жауапкершілікті көп алып қояды. Шетелдік спортшылар еркін жүреді. Олармен бірге делегация келіп, жарыста тойда жүрген сияқты. Америкалық спортшылардың базасының қасынан өтсеңіз, ол жерде той болып жатқандай болады. Австриялықтар пляжда жүргендей болады. Өзге елдің спортшылары еркін жүреді, ал біздің спортшылар үлкен жарыс деп, жауапкершілік деп, ел үшін, жер үшін деп, халықтың үмітін ақтасам деп жүреді. Сол жағдай қатты басып жібереді. Ал еркін жүргендер жеңіске жетіп жатады, - деді балуан.

Демеу Жадыраевпен толық сұхбатты біздің телеарнамыздың YouTube-арнасында көруге болады.   



Күн шежіресі