Назым Қызайбай: Кішкентай кезімде ағам үшін төбелестім
Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Sport Plus Qazaqstan телеранасының құрметті қонағы атанып, рингтен тыс төбелескен кездер және бала кезінде кімге електегені туралы айтты.
«Кішкентай кезімде ағам үшін төбелестім. Негізі ағам жуастау. Бауырларыма тиіссе, мен қорықпай кетемін. Өзім таяқ жеп қалам-ау деп ойламайтынмын. Бауырларыма тиессе, мен әрдайым қорғауғы дайын болатынмын».
Сонымен қатар батыр қызымыз осы боксқа келер алдында кімге еліктегені туралы айтты.
«Негізі бұрын Жан-Клод Ван Даммның киноларын көретін едік қой. Кинода олар бірінші жеңіліп қалып, кейін тауларға шығып дайындалатын еді. Мен сол киноларды қарап алып, далаға шығып өзім дайындалатын едім. Содан кейін спортқа келдім», — деді Назым.
Назым Қазайбаймен жүрекжарды толық сұхбатты төмендегі плеерде тамашалай аласыздар.