Назым Қызайбай: Әбибаның қола медалі жоқ, сондықтан менің қалың малым көп болады-ау
Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Sport Plus Qazaqstan телеранасының құрметті қонағы атанып, болашақ жары қандай болуы керек және өзінің қалың малы туралы сұраққа жауап берді.
«Мәселе жігіттердің ақшасына мән бергенде емес, әрбір жігіт жанұялы болу үшін, алдымен өзі аяққа тұру керек. Ата-анасына, біреуге сеніп жүруге болмайды. Бай емес, жанұяның жағдайын жасаса болды».
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Олимпиадада берген сұхбатында өзінің қалың малы 5 млн. тенге екендігі туралы айтты, дәл осы сұраққа Назым әзілдеп жауап қайтарды.
«Әбибаның қола медалі жоқ, менікі көп болады-ау (күлді). Қалың мал деген заттарға көп назар аудармаймын. Негізі мен анаммен сөйлескен кезде мен той болғанын қаламаймын деп айтатынмын. Бізде жағдайы болмасада, несие алып той жасайтын аламдар көп. Мен сондай әрекеттерге қарсымын», - деді Н. Қызайбай.
Назым Қазайбаймен жүрекжарды толық сұхбатты төмендегі плеерде тамашалай аласыздар.