logo

Назми Грипши: Команданы үш финал күтіп тұр, барлығы біздің қолымызда

Назми Грипши: Команданы үш финал күтіп тұр, барлығы біздің қолымызда

«Астана» ФК жартылай қорғаушысы, «Ақтөбе» қақпасына соғылған доптардың бірінің авторы Назми Грипши Sport+ сайтына берген сұхбатында Каримовтың жарақаты, еурокубоктардағы мақсаттар және матч алдындағы қайғылы жағдай туралы айтты.

— Бүгін біз өте маңызды жеңіске жеттік, ол бізді қарсыластарымызға қарағанда чемпиондыққа жақындатты. Бірақ алда үш финал бар, барлығы біздің қолымызда. Сондай-ақ, біз бүгін өз қақпамызға гол жібермегеніміз маңызды. Команда осы кеште керемет жұмыс жасағанына сенімдімін. 

— Бүгін Рамазан Кәрімов кері ауыстыруды сұрады. Сіз сол сәтте алаңда болдыңыз, Рамазанның жарақаты ауыр ма?

— Менің ойымша, бұл кішігіріи жарақат, маңызды нәрсе болмауы керек. 

— «Елімая» мен «Ақтөбе» деңгейлерін салыстыра аласыз ба?

— Екі клуб та жақсы футбол көрсетеді, бірақ менің ойымша, «Ақтөбе» — сапалы команда. 

— «Астана» Конференциялар лигасында қандай мақсаттар қояды?

— Қазіргі уақытта біз үшін чемпион болу маңызды. Еурокубоктардағы матчтарға ойыннан ойынға жақындайтын боламыз. Содан кейін біз қанша ұпай жинай алатынымызды көреміз, осыған байланысты мақсаттар белгілі болады. 

— Бүгін таңертең қайғылы қаза тапқан «Астана» жанкүйері Нұрлан Ауғанбай туралы бірнеше сөз айта аласыз ба?

— Біз бұл жаңалықты естігенде қатты қайғырдық. Команда оған осы жеңісті арнайды. Жатқан жері жайлы болсын.