NAIZA турнирінде тағы бір титулдық жекпе-жек жарияланды

NAIZA лигасы Қостанайда өтетін турнирде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл кездесуде лиганың қазіргі чемпионы Рамазан Гасанов (9-0) қазақстандық Серікбай Қожабаевпен (12-8) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Серікбай бұған дейін NAIZA-ның жеңіл салмақтағы титулы үшін таласқан, алайда төрешілердің шешімімен Ілидар Құдайбергеновке жол берген болатын.