Кирилл Герсименко: Алдағы Олимпиадаға дайындалып, тағы төрт жыл күтуге шамам жете ме, білмеймін
Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтаған соң Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ойынды жақсы бастап, 2:0 есебімен алға шықтым. Ал әрі қарайғы жеңіліске қарсыластың тактикалық жоспарын өзгерткенін аңғармағанымыз себеп сияқты. Үшінші және төртінші сеттегі есеп айырмасы тым қысқа болды. Әрбір партияның соңы бірдей болды десем, артық емес.
Мен өте белсенді ойнадым. Доп өте биік ұшты, үстелдің шетіне түсіп жатты. Мұндайды мүлде күтпеп едім. Сондай-ақ, жанкүйерлердің шуылына аздап еріп кеткендеймін. Біз тыныштықта ойнап үйренгенбіз, бірақ мен тәжірибелі спортшы болғандықтан, бұл айтарлықтай кедергі демеймін. Ойын соңына қарай шеберлік жетпей қалды.
Бір жағынан, осының алдындағы ауыр матчтан кейін де қалыпқа келіп үлгермедік. Бізде массажшылардың болғаны қандай жақсы. Мұндай ойындардан соң ұйқыға кету қиын. Осы тұрғыда бізге бар жағдай жасалған.
Енді әрі қарай жұмыс істеу үшін менің мотивациям мен ниетім жетеді деп үміттенемін. Осы күйзелісті жеңу керек. Менің жарысқа қатысып жүргеніме 15 жыл болды,отбасымды мүлде сирек көремін. Қандай да бір мерекелерді бірге атап өтпеймін. Сондықтан, алдағы Олимпиадаға дайындалып, тағы төрт жыл күтуге шамам жете ме, білмеймін. Ойланамыз.
Қарсыласыма келер болсам, мен онымен жиі кездестім. Бірде ол, бірде мен жеңіп жүрдік. Африканың чемпионы, жақсы ойыншы.
Бұл Олимпиаданы осы жерден аяқтадым. Жанкүйер болған баршаңызға рахмет. Әрі қарай да ойнамайтыным өкінішті», - деді Герасименко.