logo

Нұрлыхан Шархан: Қателік тек өзімнен

Нұрлыхан Шархан: Қателік тек өзімнен

Париж Олимпиадасының екінші айналымында жеңілген дзюдошы Нұрлыхан Шархан «Қазақстан» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бельгиялық балуанмен жақсы белдестім. Бапкерлердің тапсырмасын қарсыласты шаршатып күрестім. Өкінішке қарай, екінші айналымда өзбек спортшысына есе жібердім. Шыны керек, еш шаршау, күшім жетпейтіндей жағдай болмады. Төрешілер тарапынан да бәрі орынды. Қателік тек өзімнен. Екеумізде де вазари әдісі болды. Ашық күрестік. Олимпиада барыңды салатын маңызды жарыс.
Бұйырса 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалып, жеңуге тырысамын. Қолдау көрсеткен отбасыма, халқыма алғыс білдіремін!», - деді Н. Шархан.