Грекия-Қазақстан футбол матчына нидерландылық төрешілер қазылық жасайды
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде Нидерланд елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бас төреші - нидерландтық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стеегстра мен Ян де Врис көмекшілік жасайды. Қосалы төреші де - сол елдің өкілі Аллард Линдхаут.
Аталған ойынға қазақстандық футболшылар Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында дайындалды.
Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түрікменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл жұптың жеңімпазы 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.
Қазақстандық футболшылар құрлықтық доданың іріктеу сатысында H тобында сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады.