logo

Мишель Платини футболға қатысты мәлімдеме жасады

Мишель Платини футболға қатысты мәлімдеме жасады

Мишель Платини футболға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бір кездері танымал футболшы, сондай-ақ UEFA президенті болған Мишель Платини футболға өзгеріс енгізу қажет екенін айтты. 

«Футболдан 1 ойыншыны алып тастап, 10 ойыншымен ойнату керек. Өткен ғасырда 11 ойыншымен ойнады, себебі ол кезде футболшылар аз жүгіретін, жылдамдығы қазіргідей жоғары емес еді.

Физикалық тұрғыдан да әлсіз болды. Сондықтан бір футболшыға қысқартса жақсы болар еді. Бұдан алаңда кеңістік, ойыншылар барын көрсететін бос орын ашылады», - дейді маман. 



Күн шежіресі