Мирослав Лобанцев: Александр Заруцкийдің ойынын бақылау ұнайды, ол - Қазақстандағы ең мықты қақпашы
Елордалық «Жеңіс» клубының жаңа қақпашысы Мирослав Лобанцев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Елімайдан» кету себептері, Қазақстанның азаматтығын алу мен жергілікті чемпионаттағы ең сүйікті қақпашысы туралы айтты.
— «Жеңіс» сапына ауысу шешімінің себебі неде?
— «Елімаймен» келісімшартты бұзып, командада кеткеніме көп уақыт өткен жоқ еді, «Жеңіс» командасынан хабарласып, клуб сапына қосылуға ұсыныс жасады. Көп ойланған жоқпын. Басқа клубтардан ұсыныстар күтпедім. Клубтың алға қойған мақсаттары айқын, тарихы да терең. Ауқымды, болашағы бар жоба. Қазір басты мәселе — Премьер-лигада қалу.
— «Елімайдан» кетуіңізге не себеп болды? Бас бапкермен келіспеушіліктер туындады ма?
— Шындығына келгенде екі тарап келісіп, ортақ шешімге келдік. Бас бапкер, басшылықпен келіспеушілік болған жоқ. Мен үшін осы шешім дұрыс болады деген ойға келдік.
— Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнағың келеді ма?
— Ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге келсек, әрине, Қазақстанның жеңістерің көргенде, менде құрамада болсам ғой деген ой келеді. Басқа жағынан қарасақ, елде көптеген мықты қақпашылар бар. Азаматтық алу туралы жие ойланамын. Оған себеп 5 жыл қатарынан Қазақстанда ойнап келемін. Үйге тек демалыс уақытында ғана барам. Жұбайым мен қызым қай қалада өнер көрсетсем де менімен бірге. Ұзақ уақыт Қазақстанда тұрған соң, достарымызда көп. Ресейге қарағанда, елде достарым, таныстарым жетерлік. Сол себепті азаматтық алу жайлы ойлар болады. Қазақстанда алдағы мансабыңды болжау қиын, себебі клубтар қаржыны мемлекеттен алады. Келісімшарттың мерзімі бір жыл. Ертең қай командада болатыныңды білмейсің. Келесі жылы мүмкін Қазақстаннан кетуің керек болатын шығар. Сол себепті қиын сұрақтың жауабын отырып, жақсылап ойлану қажет.
— Сен Қазақстанда Андрей Карпович және Али Алиевпен жұмыс жасадың. Мамандардың жұмысы жайлы қандай пікір айта аласыз?
— Менің ойымша бапкерлер — Қазақстанның болашағы. Жыл сайын өздерінің мықты мамандар екенін дәлелдеп жүр. Андрей Владимировичтің «Ақтөбе» және «Елімай» мақсаттары — чемпион болу немесе үздік үштікке кіру. Али Алиевтің талаптары басқа. Алайда, Ханалиұлы команданың қаражатына қарамастан, екі жыл қатарынан жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Команданың алаңда өз ойнау стилі бар. Ойынды бақыласаңыз, командада жүйе, өзіндік бір ойын өрнегі бар екенін байқайсыздар.
— Қазақстанның қақпашылар мектебі жайлы ойыңды білдірсең?
— Қазақстанда мықты қақпашылар көп. Атап айтсақ, Шацкий, Заруцкий, Шайзада, Устименко. Мансабын аяқтаған қақпашылар қаншама. Олар да алаңда өз істерінің шеберлері еді. Барлығы бір жүйемен жаттықпасада, жақсы қақпашылар баршылық. Петухов, Ситало және Бойченко осы бапкерлермен жұмыс жасадым. Әр бапкердің өзіндік жаттықтыру мәнері бар. Қазақстанда қақпашылар мектебі жақсы деңгейде деп есептеймін.
— Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең мықты қақпашы?
— Менің Қазақстандағы сүйікті қақпашым жайлы бірнеше мәрте айтып өткен болатынмын. Ол — Александр Заруцкий. Қақпашы ретінде де, адам ретінде де жақсы. Александрдың ойынын бақылау ұнайды. Мүмкіндік болса ойындарын қарап тұрамын.