«Милан» Италия Кубогының ширек финалында «Романы» жеңді, деп хабарлайды Sport+

Матчтың есебі 3:1. Тэмми Абрахам дубль жасап, өзінің бұрынғы командасын жарыс жолынан шықты. Сонымен қатар «Миланның» жаңа ойыншысы Жоао Феликс қанжығасын майлады.

«Романың» жалғыз добын шабуылшы Артем Довбик соқты.