logo

Мбодж «Ордабасыдан» кетіп, мансабын Израильде жалғастырады

Мбодж «Ордабасыдан» кетіп, мансабын Израильде жалғастырады

Шымкенттік «Ордабасы» 30 жасар cенегалдық қорғаушы Мамаду Мбоджтың кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Сенегалдық мансабын Израильдің «Хапоэль Хадера» клубында жалғастырады.

Мбодж өткен жылдың ақпан айынан бастап «Ордабасы» үшін өнер көрсетті. Шымкент клубы үшін барлығы 33 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Командамен бірге ол Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.