Мария Агапова бокстан екінші жекпе-жегін өткізеді
UFC-де алғашқы болып өнер көрсеткен қазақстандық Мария Агапова Америкада өзінің екінші бокс жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
BoxRec.com мәліметіне сәйкес, жекпе-жек 16 қараша күні Нью-Джерси штатының Атлантик-Сити қаласында өтеді. Агапованың қарсыласы америкалық Стейша Саттлз болмақ. Оның кәсіби бокста бір жеңісі бар, ол нокаутпен аяқталған.
Айта кетейік, Мария Агапова кәсіби бокстағы дебютін 28 қыркүйекте Атлантада өткізген. Ол кезде неміс спортшысы Николь Шефермен тең түскен болатын.
Сонымен қатар, Мария Bare Knuckle FC лигасымен келісімшартқа қол қойып, желтоқсан айында жалаңаш жұдырықпен өткізілетін алғашқы жекпе-жегін жоспарлауда.