Ресейлік боксшы жаттығу кезінде қайтыс болды
«Динамо» спорт мектебінің боксшысы Георгий Оголихин Челябідегі жаттығу кезінде есінен танып, қайтыс болды, деп хабарлайды Sport +.
Оголихиннің жаттығуды Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Рощенконың жетекшілігімен жүргізгені хабарланды.
Сондай-ақ, Георгийдің медициналық рұқсаты мен боксқа сертификаты болғаны, денсаулығына қатысты шағымдар болмағаны да нақтыланды.
Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы шыққанша боксшының бапкері жұмыстан шеттетіледі.