Марат Омаров: ҚФФ президенті болу – мен үшін үлкен жауапкершілік
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаров жергілікті жанкүйерлерге өз әлеуметтік желілері арқылы үндеу жолдады, деп хабарлайды Sport+.
Құрметті Қазақстандықтар! Қазақстан Футбол Федерациясы Президентінің рөлін үлкен жауапкершілікпен қабылдаймын. Бұл маңызды және жауапкершілігі мол жол. Мен үшін, футбол тек ойын емес. Бұл - мәдениет, адамдардың басын бір арнаға тоқыстырып, болашақты құру жолында жаңа биіктерге жету мүмкіндігі.
Біздің мақсаттарымыздың бірі бұқаралық футболды дамыту, балалар мен жастарға халықаралық аренада мықты болып, бәсекеге түсу үшін өздерін дәлелдеуге мүмкіндік жасау. Менің сенімді өкілдерім айтқандай, Англияда оқып жүргенде жасөспірімдер лигасында футболшы ретінде өнер көрсеттім, әлемге әйгілі командалар арасында ойнағаным менің кейінгі қызметімде тәжірибелі болуыма септігін тигізді. Қазақстандағы футболмен байланыста болған әрбір адам елдегі футбол мәдениетін дамыту жетістіктерімен мақтана алатындай нәтижеге жұмыс істейтін боламыз.