Максим Самородов: Біз қарымта голды өте жылдам жіберіп алдық
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Арменияға қарсы жолдастық матчтан (1:1) кейін өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Бас бапкер бізге нақты тапсырма қойды, қалай ойнау керектігін түсіндірді. Жалпы алғанда, оның қойған міндетін орындадық деп ойлаймын. Алайда өте жылдам гол жіберіп алдық. Мұны концентрацияның жетіспеушілігімен байланыстырар едім, осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Қателіктермен жұмыс жүргізіп, келесі матчта бәрі жақсы болады деп сенемін.