logo

Мағжан Шамшадин Әзірбайжандағы Grand Slam жарысында алтын үшін күреседі

Мағжан Шамшадин Әзірбайжандағы Grand Slam жарысында алтын үшін күреседі

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

60 келі салмақта сынға түскен Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 11 минутқа созылған қосымща уақытта қарсылас спортшы үш ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді. 

Финалда Мағжан Шамшадин Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күреседі. Куватов жартылай финалда жапондық балуанды таза жеңген болатын.

Бүгін татамиге шыққан тағы да үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтап отыр. 



Күн шежіресі