Қазақстан мен Түркменстан құрамалары қола үшін бақ сынасады
Гонконгте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында командалық жарыстар басталды. Қазақстан командасы қола жүлдеге күреседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Біздің дзюдошылар жарыстың жартылай финалына жетіп, жапондық қарсыластарына есе жіберді.
Кіші финалда Қазақстан командасы Түркменстанға қарсы шығады.
Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш медаль жеңіп алды. Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі) және Жанарыс Рахметқали (66 келі) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.