logo

Дзюдодан Батыр Сейсенбаев турнирінің жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Батыр Сейсенбаев турнирінің жеңімпаздары анықталды

Павлодарда дзюдодан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Батыр Сейсенбаевты еске алуға арналған турнирі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

350-ге жуық спортшы қатысқан жарыста ерлер арасында: Жақсылық Қуаныш (Түркістан обл), Берікұлы Әділбек (Қызылорда обл), Дүйсенхан Ерсұлтан (Астана қ), Әлшеков Мансұр (Абай обл), Байғазы Аян (Алматы обл), Естай Ермұхан (Астана қ), Серікбаев Айбек (Қызылорда), Мирамбеков Дәурен (Қызылорда обл), Габдулманап Ерасыл (Абай обл), Абдималиков Мейіржан (Шымкент қ) жеңіске жетті.

Әйелдер арасында үздік атанғандар: Асқарова Жанерке (Қызылорда обл), Абеуова Толғанай (Ақмола обл), Усейн Ұлдана (Шымкент қ), Қайратова Ханзада (Қарағанды обл), Маякова Анастасия (Ақмола обл), Кабимуллина Жансая (Қостанай обл), Тойшыбекова Аида (Қарағанды обл).



Күн шежіресі