Дзюдодан Қазақстан құрамасы — Азия чемпионатының қола жүлдегері
Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Командалық сында Қазақстан Түркменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберген болатын.
Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш қолаға қол жеткізді.