logo

Лондондық «Челси» Қазақстанға келеді

Лондондық «Челси» Қазақстанға келеді

2024/25 маусымының УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жеребе нәтижесі бойынша «Астана» командасының қарсыластары ағылшындық «Челси», кипрлік АПОЭЛ және «Пафос», португалдық «Витория Гимараенш», уэльстік «Нью-Сейнтс» және сербиялық ТСЦ клубтары атанды.

Қазақстандық команда барлығы 6 матч өткізеді: үшеуі — үйде, үшеуі — сырт алаңда. 

Өз алаңында «Астана» «Челси», «Витория Гимараенш» және ТСЦ командаларын қабылдаса, қонақта АПОЭЛ,  «Нью-Сейнтс» және «Пафос» клубтарымен бақ сынасады.