logo

Лига Кубогының финалистері анықталды

Лига Кубогының финалистері анықталды

Футболдан Лига Кубогының жартылай финалдық матчтары өтті, екі ойын да пенальти сериясына дейін жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Астана» негізгі уақыт ішінде «Елімаймен» гол соқпады, ал пенальти сериясында екі соққыны тойтарған елордалық команданың қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен матчтың басты қаһарманы атанды.

Параллель матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі матч қорытындысы бойынша есеп 2:2 болды, бірақ пенальти сериясында «Қайрат» қарсыласқа жол берді.

Пенальти сериясында «Жеңіске» финалға жолдаманы алматылық клубтың жалға берліген түлегі, қақпашы Темірлан Анарбеков сыйлады.

Осылайша Лига Кубогының финалында «Астана» мен «Жеңіс» командалары кездеседі. 



Күн шежіресі