Леонел Струмия: Біз үшін бұл матч финалға тең болды, нәтижеден көңіліміз қалды
«Ақтөбе» командасының капитаны Леонел Струмия «Астанаға» қарсы (0:2) матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ Legalbet сілтеме жасап.
«Біз үшін бұл матч финалға тең болды. Нәтижеден көңіліміз қалды. Менің ойымша, біз қазір чемпиондыққа мүмкіндік жоғалттық. Біз „Астанамен“ ойында жеңіске жеткіміз келді, бірақ ештеңе шықпады. Біздің көңіліміз қалды. Алда тек екі ойын қалды, оларда алты ұпай жинап, чемпионатты жоғары деңгейде аяқтауымыз керек», — деді Струмия.