logo

Кубок үшін шайқас. Испания Кубогының финалы «Атлетико» – «Реал Сосьедад» ойынының тікелей эфирі

Кубок үшін шайқас. Испания Кубогының финалы «Атлетико» – «Реал Сосьедад» ойынының тікелей эфирі

Испания Кубогының финалында «Атлетико» мен «Реал Сосьедад» командалары кездеседі. «Атлетико» бұл турнирде де, Чемпиондар лигасында да «Барселонаны» жеңіп өткен.

Диего Симеоне ел кубогын көптен бері ұта алмай жүр, енді осы жағдайды түзетуге мүмкіндік бар. Алайда қарсы алдында – Ла Лигадағы маусымды сәтті өткізбегенімен, Кубокты жеңу арқылы барлық сәтсіздіктерін ұмыттыруға ниетті баск клубы тұр.

Соңғы 10 матчта «Атлетико» «Реал Сосьедадтан» жеңілген жоқ. Енді Пеллегрино Матараццоның міндеті – осы серияны тоқтату.

Финал 18 сәуірден 19 сәуірге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі