Чемпиондыққа шанс бар ма? «Фенербахче» – «Ризеспор» матчының тікелей эфирі
Өткен турда «Галатасарай» күтпеген жерден ұпай жоғалтып, «Фенербахчеге» чемпиондық үшін күресуге мүмкіндік сыйлады.
Қазір стамбұлдық екі клубтың арасындағы айырмашылық небәрі 2 ұпайды құрайды, әрі алда олардың өзара кездесуі де бар.
Сондықтан бетпе-бет ойынға дейін ұпай жоғалтуға мүлде болмайды. Тедеско шәкірттері үшін алғашқы «мини-финал» 17 сәуір, жұма күні өтеді. Қарсылас — «Ризеспор».
Қағаз жүзінде «Фенербахче» «Ризеспорды» қатарынан 10 матч бойы жеңіп келеді, соңғы рет 2014 жылы ұтылған. Алайда кез келген қателік өте қымбатқа түсуі мүмкін.
«Фенербахче» — «Ризеспор» матчы 22:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.