logo

«Оқжетпес» жеңіске жетіп, көшбасшылар тобына қосылды (видео)

«Оқжетпес» жеңіске жетіп, көшбасшылар тобына қосылды (видео)

Көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Ертісті» 2:1 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионатының көшбасшылар тобына енді.

Көкшетаулықтардың құрамында Дмитрий Бородин мен Нұрғайни Бөрібаев гол соқты. Қонақтар сапында — Мирас Тұрлыбек.

Осы жеңістің арқасында Ринат Алюетовтың шәкірттері «Қайрат» пен «Елімаймен» бірге көшбасшылар қатарына қосылды. Үш команданың да еншісінде 11 ұпай бар.



Күн шежіресі