Көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық дода 28–30 наурыз күндеріне жоспарланған, деп хабарлайды Sport+.

Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын спортшылардың ресми тізімін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасының атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қатысады.

Жалпы турнирге 95 гимнаст қатысады деп күтілуде.



Күн шежіресі