Алуа Бектурова – FIG көркем гимнастика бойынша техникалық комитетінің мүшесі
Доха қаласында өтіп жатқан Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) 85-Конгресінде көркем гимнастика бойынша FIG техникалық комитетінің мүшелері сайланды, деп хабарлайды Sport+.
Дауыс беру нәтижесінде Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті Алуа Бектурова FIG көркем гимнастика бойынша техникалық комитетінің мүшесі болып сайланды.
Алуа Бектурованың кандидатурасы FIG-ге Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованың бастамасымен ұсынылған болатын.