logo

Көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатында Елжана Таниева топ жарды

Көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатында Елжана Таниева топ жарды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатында Елжана Таниева жеңімпаз болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

133.40 ұпаймен жарыстың жеңіпмазы атанған қазақстандық спортшы осылайша Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

Сайыста екінші орынға өзбекстандық Тахмина Икромова, үшінші орынға жапониялық Рейна Матсусака жайғасты.

«Бүгін маған Олимпиада лицензиясы бұйырды. Бұл — өте үлкен еңбек. Осы жеңістің артында тұрған барлығына алғысымды білдіремін! Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет!

Менің бұл сайыстағы ең мықты қарсыласым — өзім. Өз-өзімді дұрыс бағыттау, дұрыс жігерлендіру арқылы Олимпиада жолдамасына қол жеткіздім деп есептеймін», — деді Елжана Таниева.