logo

Конькишілер әлем чемпионатында қос медаль еншіледі

Конькишілер әлем чемпионатында қос медаль еншіледі

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Хатонихедегі (Жапония) біріншілікте командалық із кесу сайысында Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үшінші орынға тұрақтады. Үздіктер қатарында Жапония мен Нидерланд құрамасы.

Кейін спринтте Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова және Алина Шумекова күміс жүлдегер атанды. Бірінші орында Нидерланд, үшінші орында Канада командасы.