Кирилл Ляпунов: Тәжірибелі командаластар бізге осы лигада орнығуға көмектеседі

Астаналық «Барыс» ойыншысы Кирилл Ляпунов ҚХЛ-дегі алғашқы голы және «Ладамен» өткен матч туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
— Кирилл, алғашқы шайбаңмен құттықтаймыз! Осы бірнеше ойыннан кейін тәжірибе жинадың ба?
— Иә, аз да болса тәжірибе жинақтадым. Үлкен жігіттер бізге осы лигада орнығуға көмектесіп жатыр. Әрине, оңай емес, бірақ біз еңбекпен, маңдай терімізбен жақсы ойнауға тырысып келеміз.
— Соңғы ойындарда Семен екеуіңде көптеген сәттер болды. Бүгін сенікі шықты, солай ма?
— Виктор Антипин мен Илья Хохлов шабуыл аймағына кіріп, бәрін жасады, маған тек клюшканы дұрыс қою ғана қалды. Олар осы сәтті мен үшін жасады, үлкен рақмет! Бұған дейінгі ойындарда біздің үштігімізде көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ әлі тәжірибе мен салқынқандылық жетіспейтін секілді.
— Сендер төртінші құрамда ойнасаңдар да, мұз айдынында жеткілікті уақыт алдыңдар. Бапкер сенім арта ма? Не дейді?
— Иә, бізге жеткілікті уақыт беріледі. Бапкер бізге қарапайым ойнауды, шайбаны аймақтан шығаруды тапсырады. Барлығы тәжірибемен келеді дейді. Біз оның айтқанын орындауға тырысамыз.
— Бүгін «Ладаның» ойыншылары сендерден габаритті екені байқалды. Мұндай ірі хоккейшілерге қалай қарсы тұруға болады?
— Габариттер аса қатты әсер етпейді. Ең бастысы — мінез көрсету, соңына дейін күресу. Сол кезде нәтиже болады.
— Бүгін жеңіске не жетіспеді?
— Ойлаймын, бізді жүзеге асыру сәтсіздігі ұттырды. Көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ гол соға алмадық. Сондай-ақ ойын соңында концентрацияны жоғалтып, қажетсіз голдар жіберіп қойдық. Кейбір ақымақ қателіктерге жол бердік.
Айта кетейік, Шипилин ҚХЛ тұрақты маусымындағы «Ладаға» қарсы матчта гол соқты. «Барыс» бұл ойында 2:4 есебімен жеңіліп, қатарынан бесінші рет ұтылды.