«Бешикташ» Зайнутдиновтан неге құтылғысы келеде?
Ыстамбулдық «Бешикташ» футбол клубы 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновты жалақы қорын төмендету үшін жалға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport+ Fotospor.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Дереккөз Бақтиер Зайнутдиновтың жалақысы 1,2 миллион еуроны құрайды деп хабарлайды. Осыған байланысты «Бешикташ» қазақстандықты жалға бергісі келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2023 жылдың жазында Ыстамбұл клубына ауысты. Ойыншымен келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.