logo

Кирилл Кекер: Бұл өте ауыр жеңіліс

Кирилл Кекер: Бұл өте ауыр жеңіліс

«Ордабасы» бас бапкері Кирилл Кекер «Астанамен» (2:4) болған матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ауыр жеңіліс. Біз басқаша дайындалған едік. Алайда, маңызды сәттердегі көптеген жекпе-жектерді ұтылып, соның салдарынан қажетсіз голдар жіберіп алдық. Бірақ бізде де мүмкіндіктер болды. Таңдаған тактикамыз жұмыс істеді. Алайда сол жекпе-жектер матчтың нәтижесін шешті. Ойынға шыққан ойыншылар арқылы шабуылымызды жандандырып, жылдам қапталдарды іске қосып, «Астана» қорғанысына қысым көрсеткіміз келді. Өкінішке қарай, бәрі ойдағыдай болмады. Дегенмен, ойыншыларға айтар шағымым жоқ. Көбіне өзіме қатысты талаптар бар шығар».