logo

ХОК Олимпиаданың ең керемет бейнесін жариялады

ХОК Олимпиаданың ең керемет бейнесін жариялады

Суретте бразилиялық серфер Габриэль Медина бейнеленген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Фотограф Жером Бруйе түсірген кадрда спортшы Олимпиада рекордын жаңартып, 1/8 финалдағы жеңісін тойлап жатыр.

Медина төрешілерден бұрын ешкім қол жеткізбеген 9,90 ұпай алды. Бұл көрсеткіштің рекорд ретінде тіркелуі тегін емес. Себебі серфинг осыдан төрт жыл бұрын ғана Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген еді.

«Өте қуаныштымын. Толқындар сырғанауға ыңғайлы болды. Мұндай мүмкіндік жиі бола бермейді. Сондықтан әр сәтті тиімді пайдалану керек», - деді Габриэль Медина.

Айта кетейік, Медина ¼ финалда отандасы Жуан Чианкамен кездеседі.