Милад Карими жекелей көпсайыстағы жарысты аяқтады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карим Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Қазақстандық гимнаст Милад Карими жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:
Еркін жаттығу - 13.433
Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533
Шығыршықтағы жаттығу - 12.933
Қол тіреп секіру - 14.400
Қоссырықтағы жаттығу - 14.066
Көрмелері жаттығу - 12.700.
Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі. Ал оның командаласы Нариман Курбанов 4 тамыз күні тұтқалы ат жаттығуында өнер көрсетеді.