logo

Кирилл Герасименко Ливандағы турнирде күміс медаль иеленді

Кирилл Герасименко Ливандағы турнирде күміс медаль иеленді

Бейрутте өткен үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan  

Қазақстандық теннисші финалда жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының он дүркін жүлдегері, тайпейлік Чуан Чи-Юаньмен кездескен еді. Ойын 3:1 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.  

Аталмыш турнирде Герасименко төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотис (Грекия), командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) бар. 

Бұдан бөлек Қазақстан қоржынында екі қола медаль бар. Айдос Кенжеғұлов/Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мірқадырова жұбы үздік үштіктен көрінді. 



Күн шежіресі