logo

Юлия Путинцева жұптық сында АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Юлия Путинцева жұптық сында АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен жұптасып, Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалда Путинцева мен Фернандес ресейлік-чехиялық дуэт Диана Шнайдер/Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Финалда Юлия америкалық Эйджа Мухаммад пен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиффпен кездеседі.

Бұл Путинцеваның мансабындағы екінші жұптық финал. Соңғы рет қазақстандық әйел ресейлік Анна Калинскаямен дуэтте Осакадағы WTA 250 турнирінің финалисті атанды.