logo

Ислам Махачев октагонға оралатын күнін атады

Ислам Махачев октагонға оралатын күнін атады

UFC жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізуге дайын болатынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жауынгердің сөздерін әлеуметтік желілерде инсайдер Игорь Лазорин жеткізді.

«Бәлкім, Царукян бірінші үміткер шығар. Қазір менде кішкене жарақат бар, бірақ емделіп жатырмын. Шамамен жылдың соңына қарай, қаңтарда, жылдың басында дайын боламын», — деді Махачев.

Ислам Махачев чемпиондық белбеуді 2022 жылдың қазан айында иеленіп, содан бері оны үш рет қорғады.



Күн шежіресі