logo

Валентина Шевченко UFC чемпиондық атағын қайтарып алды

Валентина Шевченко UFC чемпиондық атағын қайтарып алды

UFC 306 турнирінің басты карды аясында мексикалық жауынгер Алекс Грассо Қырғызстан өкілі Валентина Шевченкомен жекпе-жекте чемпиондық атақты қорғады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жек барлық бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шешімімен Шевченконың жеңісімен аяқталды (50-45, 50-45, 50-45). Аталмыш нәтиженің арқасында Валентина UFC чемпиондық белбеуін қайтарып алды.

Бұл жекпе-жек қос спортшылар арасында үшінші болды. 2023 жылдың наурызында UFC 285 турнирінде Грассо төртінші раундта Шевченконы тұншықтырып, жеңіске жетті. Сол жылдың қыркүйегінде UFC Fight Night 227 турнирінде қарымта жекпе-жек өтті, онда тең нәтиже тіркелді.

Валентина Шевченконың еншісінде 22 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.



Күн шежіресі