Конор МакГрегор октагонға оралуға дайындалып жатыр
UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ұзақ үзілістен кейін октагонға оралуға дайындалып жатыр. Ол Instagram парақшасында жарақаттан кейінгі алғашқы спаррингтің видеосын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Маусым айында МакГрегор үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет жекпе-жек өткізіп, UFC 303 турнирінде Майкл Чандлермен кездесуі керек еді. Бірақ турнирге екі апта қалғанда ирландиялық кішкентай башпайын сындырып алып, жекпе-жектен шығып қалды.
UFC басшысы Дана Уайттың айтуынша, МакГрегор UFC үздік төрт жауынгерінің қатарына кіруге әбден лайық.
Айта кетейік, Конор 2021 жылдың жазынан бері бірде-бір кездесу өткізбеді. Соңғы жекпе-жегінде америкалық файтер Дастин Порьеден жеңіліп, аяғын сындырып алған еді.