logo

Евгений Егембердиев: Бір сәтте не істерімді білмедім

Евгений Егембердиев: Бір сәтте не істерімді білмедім

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев АСА турниріндегі жеңісінен кейін октагонға оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Бұл үш жыл мен үшін өте қиын болды, жарақаттар, қиындықтар болды, бірақ маған көмектескен адамдар бар. Бір сәтте не істерімді білмедім — жалғастыру керек пе, әлде тоқтату ма. Өмірімнің ауыр кезеңі болды. Бірақ Альхамдулиллах, мен әлі де мықты екеніме, қайта оралып, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатыныма сендім. Енді жеңісті сериямды қайта жалғастырып, чемпион болғым келеді».

Сонымен қатар Муслим Магомедовпен мүмкін болатын реванш туралы сұраққа да жауап берді:

«Менде үш жылдық үзілісім болды. Муслим өте мықты жауынгер, мен онымен төбелестім, ол өте жақсы, әрі менен кіші. Маған 2-3 жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беріңіздер, бәрі жақсы өтсе, онымен жекпе-жекке қарсы емеспін. Мен ешқашан қарсылас таңдаған емеспін, маған кім ұсынылса, солармен төбелесемін. Күштілермен төбелесіп, әлі де мықты екенімді дәлелдегім келеді».