Игорь Леонов: Кез келген ауа райында ойнай білу керек
«Ақтөбе» бас бапкерінің міндетін атқарушы Игорь Леонов «Тобылдан» болған жеңіліске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бастапқыда бәрі жақсы басталған еді — ешқандай проблемалар болған жоқ. Өзіміздің қателігімізден күлкілі гол өткізіп алдық. Қалғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл ойын жайлы. Менің ойымша, мұндай шешімдер болмауы керек. Каировтың жағдайында да қызыл қағаз көрсетуге болар еді. Мұның бәрі төрешінің ұятына байланысты. Бұл менің пікірім. Ауа райы да әсер етті деп ойлаймын. Бізде техникасы мықты футболшылар жиналған. Бірақ кез келген ауа райында ойнай біліп, бейімделу қажет. Қазір біз келіп, финалға дайындаламыз, 29-ы күні ойын. Менің ойымша, бұл — маусымның басты матчы».
Кездесу «Тобылдың» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.