logo

Идрис Умаев: Біз жеңіске үміт артқан едік

Идрис Умаев: Біз жеңіске үміт артқан едік

«Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев Премьер-лиганың 18-турындағы «Ордабасымен» (1:1) өткен матчты пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

– Ауыр ойын болды. Шымкентте әрдайым қиын ойнаймыз. Қарсылас лайықты болды. Мүмкін, ойын нәтижесі әділ болған шығар, білмеймін...

– Соңында жеңісті жіберіп алғандарыңызға ренжідіңіздер ме?

– Әрине, ренжідік. Біз жеңіске үміт артқан едік, бірақ амал нешік, 1:1. Алда бізде сегіз финал қалды. Біз толықтай күресіп, барымызды саламыз. Қалғаны қалай боларын көреміз.

– Бүгінгі матчтан кейін және «Қайрат» – «Тобыл» матчынан кейін турнир кестесінде ештеңе өзгерген жоқ. Алда болуға мүмкіндік бар еді...

– Әрине, мүмкіндік болды. Бірақ айтарым жоқ. Шын айтсам, біз басқалардың қалай ойнағанына қарамадық. Біз үш ұпайға үміт артқан едік. Меніңше, біз осы матчта жеңілгенімізден гөрі көп нәрсені жоғалттық.